Шаруалардың борышы жеңілдейді!

Сіз агроөнеркәсіп саласындағы кәсіпкер ретінде ісіңізді дамыту мен ауылшаруашылық техникасын, технологиялық жабдықтарын сатып алуға несие мен лизинг алған болсаңыз, қарызыңызды арзандату мүмкіндігін пайдаланыңыз!
Шаруалардың борышы жеңілдейді!Биыл тағы мемлекет ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің несиелерін арзандату жұмысын қолға  алды.  Мемлекеттік субсидиялар технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингісі, сонымен бірге аграрлық саладағы кәсіпкерлікті дамытуға алған ақшалай несиелерді арзандатуға бағытталады.
Кәсіпкерлікті қолдау шарасы "Агробизнес – 2020" бағдарламасы аясында былтырдан бері жүзеге асырылуда. Мақсаты – несиелік/лизингтік шарттар бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау арқылы шаруалардың несие ресурстарына деген қолжетімділігін арттыру.
Бүгін несиелер мен технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингісі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау тақырыбындағы қарызгерлерді қызықтыратын барлық сауалдарға "Қазагромаркетинг" акционерлік қоғамының мамандары жан-жақты жауап береді. Бұл компания 2013 жылдың шілдесінен бастап несиелер мен технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингісі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялаудың операторы болып табылады.
– Субсидияны кім ала алады?
– Меншік түріне қарамастан ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін және немесе қайта өңдеумен айналысатын жеке немесе заңды тұлғалар, оның ішінде фермерлік шаруа қожалықтары, сонымен бірге ауылшаруашылық өнімдерін сату, тасымалдау, сақтау, дайындау бойынша қызмет көрсететін жеке және заңды тұлғалар бағдарламаға қатыса алады.
– Субсидияларды алу үшін өтініш қайда тапсырылады, қай мекемеге жүгіну қажет?
– Бағдарламаға қатысамын деуші барлық қарызгерлер несие алған екінші деңгейлі банктерге және лизингтік компанияларға өтініш беруі тиіс.
– Осы бағдарлама бойынша қандай қарыздар субсидияланады?
– Номиналды сыйақы мөлшерлемесі теңгеде жылдық 14%-дан және шетелдік валютада жылдық10%-дан аспайтын лизинг пен кредиттер субсидияланады.
Бұл ауылшаруашылық техникасы мен технологиялық жабдықтарын алуға бағытталған лизинг шарттары мен айналым қаражатын толтыруға, құрылыс пен негізгі қаражатты алуға арналған кредиттік шарттар болуы мүмкін.
Бірінші ретте етті және сүтті мал шаруашылығы, қой шаруашылығы, бау-бақша шаруашылығы мен ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу салаларындағы бизнесті дамыту мақсатында алынған кредиттер мен осы салаларға арналған техника мен жабдықты сатып алу мақсатындағы лизингті субсидиялауға қатысты өтініштер қаралады. Бұлар ауыл шаруашылық өндірісінің басымдыққа ие бағыттары болып табылады. Сол себепті осы салаға қатысты өтініштер бірінші кезекте қаралады. Ал, жалпы алғанда, аграрлық өндірістің барлық бағыттары бойынша алынған кредиттер арзандатылады.
– Қандай шарттар субсидияланбайды?
– Басқа мемлекеттік және немесе бюджеттік бағдарламалар бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау түрінде қолдау жүзеге асырылатын кредиттік шарттар, сондай-ақ республикалық бюджеттің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Қорының  қаражаты  есебінен  қаржыландырылған кредиттік шарттар субсидиялауға жатпайды.
– Шарт өзге бағдарламалармен қоса осы бағдарлама бойынша да субсидиялауға түсе ала ма?
– Кредит/лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауды қарыздарды кепілдендіру және сақтандыру, негізгі құралдарды (оның ішінде биологиялық активтерді) сатып алу кезінде оның құнын арзандату үшін субсидиялау, жаңа өндірістік қуаттар құруға не қолданыстағыларын кеңейтуге бағытталған инвестициялық салымдар кезіндегі АӨК субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу мемлекеттік бағдарламаларымен біріктіруге жол беріледі.
– Қарыздар қаншалықты арзандатылуы мүмкін?
–Айналымдағы қаражатты толтыру және негізгі қаражатты алу, құрылыс, сондай-ақ технологиялық жабдықты және ауыл шаруашылық техникасын лизингке сатып алу кредиттерінің сыйақы мөлшерлемелері теңгемен алынған болса,жылдық7%-ға төмендетіледі, шетелдік валютамен алынған болса, жылдық 5%-ға төмендетіледі.
Мал шаруашылығы мен мал азығын өндіруге арналған ауылшаруашылық техникасы мен жабдықтарын сатып алу мақсатындағы кредиттер мен лизингтің сыйақы мөлшерлемелері теңгемен алынса,  жылдық 10%-ға,шетелдік валютамен алынған болса, жылдық7%-ға төмендетіледі.
– Мал шаруашылығы мен мал азығын өндіруге арналған техника мен жабдықтардың нақты қай түрлері субсидиялауға жатады?
– Бұл техника мен жабдықтың 26 түрі. Олардың нақты атауларын субсидиялау шартынан оқып білуге болады.
– Субсидиялар қандай мерзімге беріледі?
– Кредиттік шарттар бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап немесе кредит берген, болмаса, лизинг нысанасын берген сәттен бастап кредиттік шарттардың бүкіл қолдану мерзімінде жүзеге асырылады.
214 "Өсімдік шаруашылығын дамыту және азық-түлік  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету"  бюджеттік  бағдарламасы аясында 2013 жылы субсидиялау жүргізілген кредиттік шарттар бойынша субсидиялау 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап шарттардың қолданылуына қалған барлық мерзімге жүреді.
213 "Қайта өңдеу өндірісін дамыту" бюджеттік бағдарламасы аясында 2013 жылы субсидиялау жүргізілген кредиттік шарттар бойынша субсидиялау 2013 жылғы субсидияларды бөлгеннен кейінгі келесі төлем күнінен бастап шарттардың қолданылуына қалған барлық мерзімгежүреді.
– Мысал ретінде төленуге тиісті субсидиялар мөлшерін көрсетіп берсеңіз.
– Мысалға сіз 2014 жылдың 29 сәуірінде 7 жыл-ға құны 3 000 000 теңге болатын "Белорус 82.1" тракторын сатып алуға кредит алдыңыз делік. Кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі – жылдық12%. Сіздің алғашқы жарнаңыз трактор құнының 10%-ын, яғни 300 000 теңгені құраған.
Осылайша 2021 жылдың 29 сәуіріне дейін(несиелендіру мерзімінің соңында) сіз қаржы институтына 4 380 600 теңге төлеуіңіз қажет. Оның ішінде 3 000 000 теңге – кредит сомасы (негізгі қарыз), 1 380 600 теңге – кредитті пайдалану үшін төленетін сыйақы мөлшерлемесі (жылына 12%). Бағдарлама шарттарына сәйкессіздің қаржы инс-титутына төлейтіносы сыйақы мөлшерлемеңіз субсидияланады. Мемлекет сіз банкіге төлеуге тиісті жылдық 12% сыйақы мөлшерлемесінің 7%-ын өз мойнына алады. Бұл – 805 350 теңге. 12%-дың қалған бөлігін, яғни 5%-ды өзіңіз төлейсіз. Бұл – 575 250 теңге.Сөйтіп, субсидиялаудың арқасында сіз қаржы институтына 4 380 600 теңгенің орнына 3 575 250 теңге төлейсіз.
– Субсидиялау шарттары бойынша туындаған сауалдарға жауап алу үшін арнайы байланыс желісі бар ма?
– Иә, барлық ауылшаруашылық тауар өндірушілерін кредиттерді арзандату мүмкіндіктері туралы ақпараттандыру үшін "Қазагромаркетинг" АҚ-ның негізінде сall-орталық жұмыс істейді.Орталыққа кез келген адам қоңырау шалып, бағдарлама шарттары туралы ақпарат ала алады. Байланыс желісінің нөмірі: 8 800 080 70 80. Атап өтетін жәйт, барлық ұялы байланыс операторларының нөмірлері мен еліміздің барлық аймақтарындағы стационарлы телефондардан қоңырау шалу тегін болып табылады.
 
Дайындаған С.МЕҢДІБАЙ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓