Тасымалдаушылар талабы – жолақыны көтеру

Қостанайлық тасымалдаушылар автобуспен жүру құнын 140 теңгеге көтеруді талап етеді. Олар мұны жанармай мен қосалқы бөлшектердің қымбаттауымен байланыстырады. Алайда, жергілікті әкімдіктегілер бұл факторлардың бағаны шұғыл өзгертуге жеткіліксіз екенін айтады. Автобус паркі әуелі валидаторлар орнатып, электронды билеттеу жүйесін енгізу арқылы жолаушылар легінің азайғанын дәлелдеулері тиіс. Қазір қаладағы жолақы 80 теңге. Тариф 2017 жылдан бері өзгермеген. Қалай дегенмен, бұл өзекті мәселе қалалық мәслихаттың тұрақты отырысында қаралып, нақты шешімдер қабылданады.   images-Автобус паркіндегі  қоғамдық көліктердің  95%-і әбден ескірген. Тек шамалы бөлігі ғана жүруге жарамды. Оның өзі жаңа емес. Бұрыннан жүрген көліктер.  Сондықтан, оларды жаңарту үшін 140 теңге деп талап етіп отыр. Егер осындай баға тағайындалса, алдағы он жылдың көлемінде техника паркін жаңалап аламыз деген ойда,-дейді қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Наурызбай Мусин.
Әлібек ЫБЫРАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓