Арбамен билейді
Қостанайда мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы арбамен билеу спорттық сайысынан облыстық біріншілік басталды. Аталмыш байқау осымен алтыншы мәрте ұйымдастырылып отыр.
Арбадағы би сайысы ең алғаш Қостанай қаласынан басталған болатын. Сондықтан спорттық сайыстың осы түрі жыл сайын облыс орталығында ұйымдастырылады. Биылғы байқаудың басты ерекшелігі, қатысушылардың санында. Яғни, биге құштар мүгедек жандардың қатары артқаннының дәлелі. Бишілер Рудный, Қостанай, Жітіқара сияқты аудан, қалалардан арнайы келген. Қатысушылар үш кезең бойынша өнер көрсетті. Олар танго, самба, ча-ча, румба, джай және вальс биледі.
-Аталған би сайысы біздің облыстан басталғаны белгілі. Бүгінде арбадағы би республика бойынша дамып келеді. Біздің бишілер халықаралық сайыстарда топ жарып жүр. Игі шараның мақсаты-мүмкіндігі шектеулі жандарды белсенділікке шақырып, спортпен шұғылдануға үндеу,-деді «Үміт-Надежда» ҚБ төрағасы Дүйсенғали Оспанов.
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суреттерді түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.