Қала қалай құрылды?

      Қостанайға Николаев атауымен қала мәртебесінің берілгеніне 139 жыл толды. Осыған орай, Л.Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында қала тарихына қатысты жиын өтті. Іс-шарада белгілі ғалым Қалқаман Жақып, тарих ғылымдарының кандидаты Сергей Самаркин және өңіріміздің  басқа да тарихшылары бас қосып, тарих тереңінен сыр шертті.20180905_150701
    – Қаланың негізі Орынбор генерал-губернаторы Крыжановскийдің өкімі бойынша 1879 жылы Ресей империясының Торғай облысындағы Николаев уезінде Николаев елді мекенін тұрғызудан басталды. 1880 жылы Ресейдің ішкі губернияларынан осы жерге шаруалардың көшіп келулеріне рұқсат берілді де, бұл өңірде егін, мал және жылқы шаруашылығы қарқынды дами бастайды. Алғашқыда қалада тек ауыл шаруашылығы шикізатын өңдейтін кәсіпорындар мен шағын тері өңдеу, май шығару зауыттары болды. 1912-1913 жылдары Қостанай-Челябі теміржол желісі салынып, «Қостанай» теміржол станциясы ашылды. Қостанай өмірінің елеулі кезеңдерінің бірі – Ұлы Отан соғысы. Қалаға Кеңес одағының көптеген өндірістік кәсіпорындары көшіріліп, зауыттар мен фабрикалар қыр қаласының өндірістік инфрақұрылымының негізін қалады, – деді ғалым Қалқаман Жақып. 
    Елбасы Н. Назарбаевтың 1997 жылғы 17 маусымындағы Жарлығымен орыс тіліндегі  Кустанай қаласының атауы Қостанай қаласына, ал Кустанай облысы Қостанай облысына өзгертілді.
Тағылымды шара үстінде ғалымдар жиналғандардың сұрақтарына жауап берді.
    Бас қосу барысында облыстың тарихы жайлы жазылған кітаптардың көрмесі ұйымдастырылды.
 
Әсел Қибаш,
суретті түсірген автор.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓