Бір азамат Болаттай болсын!

 Биыл қар жылдағыдан көп жауды. Тіпті, ауыл-үйдің арасын бітеп тастағаны сонша, төбемен тұтасқан қалың қардан қора мен үйдің арасына қатынау қиынға соқты. Қанша көлік пен жолаушы қар құрсауында қалып, адам өміріне қауіп төндіргенін «Қостанай таңы» бұған дейін бірнеше рет көтерді. Шалғайдағы Жанкелдин ауданының тұрғындарын да «кәрі құда» біраз әлекке салды. Ауыл мен аудан арасында қатынас үзіле жаздады. Ол жақта жауған қардың кісі бойынан асатынын ескерсек, мәселенің қаншалықты күрделенгенін бағамдай беруге болады. Адам баласы ауырмай-сырқамай тұрмайды, басқа да жағдайлар болуы бек-ықтимал. Азық-түлік, пошта қатынасының бәрі жолға кеп тіреледі. «Торғайда мұндай қыс көптен бері болмаған еді. Ұмытпасақ, дәл осындай қалың қар сексенінші жылдардың аяқ шенінде жауған екен. Одан бергіде үйдің биіктігіндей қарды көргеміз жоқ»,-дейді шалғай өңір тұрғындары. Әсіресе, аудан орталығынан жүз шақырым қашықта жатқан Ақкөл ауылының азаматтары Жанкелдин аудандық коммуналдық шаруашылық мекемесінің басшысы Болат Халықовқа өз алғыстарын «Қостанай таңы» газеті арқылы жеткізуді жөн санапты.IMG_6833IMG_6826 IMG_6828«Қыстай соққан боран әбден титықтатты. Екі арадағы қатынас үзілуге шақ қалды. Абырой болғанда ел азаматы Болат Молдахалықұлы  күндіз-түні дамыл таппай, күре жолды күреумен болды. Соның арқасында жолға шыққан жолаушыларымыз да қауіп-қатерге ұрынған жоқ. Барар жерге мезгілінде жеттік. Пошта, жедел жәрдем қатынасында іркіліс болмады. Барша Ақкөл ауылының тұрғындары атынан Б.Қосқоловқа алғысымызды білдіреміз»,- дейді С. Мұқан, С.Сейілхан, Қ.Өтеуов, А.Рахымбай, А.Ермағамбетов, Т. Дәулетов, Б.Мәлік, А.Ермағановтар. Осындай үшбу хат аудан орталығының іргесіндегі Шеген ауылының тұрғындарынан да келді. Қыстай бар техниканы жұмылдырып, «жол күзеткен» азаматқа айтар алғысымыз шексіз делінген С.Есқабылов, Б.Қазымбеков, С.Бәйбеков. Б.Бәйбеков, Б. Аяпбергенов, Қ.Ғалиолла, Қ.Есқабылов есімді азаматтар қол қойған хатта.8c9a2a37-5330-4663-9f4e-04447822c66d75e9be85-1929-4d57-bc0c-2c833cd9ca9f4d1548f3-7c91-4add-8c97-6102e08875bb«Сүйер ұлың болса сен сүй, сүйінерге жарар ол»,- деген Абай дананың сөзі Болат тәрізді іскер азаматтарға арналса керек. Осындай қолынан іс келетін азаматтар көп болса, ел іші еңсе тіктер еді.
Әлібек ЫБЫРАЙ
Суреттерді түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓