Қария қамауға алынды

Облыстық соттың баспасөз қызметі мәлімдегендегендей, Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына өзінің жұбайын өлтірді деп ҚР Қылмыстық Кодексінің 99 бабы 1 бөлігі бойынша айыпталған 73 жастағы азаматша Юлия Чиловаға қатысты қылмыстық іс түсті.
Іс материалдары бойынша, үстіміздегі жылдың 23 ақпанында сағат 15.00 шамасында Қостанай ауданының Владимиров ауылында тұратын айыпталушының жұбайы Владимир Чилов мерекеге орай дүкеннен бір бөтелке ішімдік сатып алады.
Шамамен бір сағаттан кейін мас күйінде үйіне оралған В.Чилов әйелін балағаттап, қаңтар айында қайтыс болған ұлдары оның баласы еместігін айтып, ұрыс шығарады. Күйеуін тоқтатпақ болып басу айтқан Ю.Чилова да біраздан соң ашуға бой алдырып, балтамен жүбайының басы, мойыны мен кеуде тұсына бірнеше соққы жасайды. Оқиға орнына келген жедел-жәрдем В.Чиловтың өлімін бекітіп, полиция шақырады.
Қылмыстық іс бойынша басты сот отырысы 17 маусымда сағат 10.00-де басталады. 
 
Қ.МАРАТҚЫЗЫ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓