Апаттан опат болды

Қостанай-Ұзынкөл тасжолында болған жол-көлік оқиғасы дерегіне қатысты полицейлер сотқа дейінгі тергеу амалдарын жұргізіп жатыр, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.дтпВедомство ақпаратынша, оқыс жайт 20 сәуірде Қостанай-Ұзынкөл тасжолының 125-шақырымында болған. 
"Красная Пресня ауылына бұрылатын қиылыста «Daewoo Nexia» көлігін тізгіндеген 33 жастағы жүргізуші бос тұрған нысанға соғылған. Қақтығыс салдарынан көлікте от тұтанған. Жүргізуші оқиға орнында тіл тартпай кетті", – делінеді хабарламада.
Тергеу ҚР ҚК 345-бабының 3-тармағы ("Жол қозғалысы ережесін бұзу") бойынша жүргізілуде. Сараптама құрылды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓