“Серпін” сенімді ақтауда
"Мәңгілік ел жастары – индустрияға" – "Серпін-2050" арнайы бағдарламасы бойынша Қостанай облысының оқу орындарында 1367 студент білім алып жатыр. Олар – Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы және Маңғыстау облыстарынан келген жастар. 2019 жылы 684 "серпіндік" оқуды аяқтап, 555-і жұмысқа орналасқан. 142 түлек Қостанайдан қоныс тауыпты.
Мәселен, бүгінгі таңда А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-да 370 "серпіндік" 14 мамандық бойынша оқуда. Былтыр 314 алғашқы түлек дипломға ие болды. Оның 85%-і облыста қалған. Биыл бұл оқу орнын 208 студент тәмамдайды. Ал Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ-да бүгінде 189 студент 13 мамандық бойынша білім алып жатыр. Мұнда соңғы екі жылда 236 талапкер оқуды аяқтап, 211-і тұрақты жұмысқа орналасса, 31 түлек Қостанай облысында қалған. Осы жылы 80 студент оқу бітірмек. Ал РИИ-де осындай 218 студент оқып жүр. Олар мамандықтың 10 түрінен білімдерін тереңдетуде.
"Серпіндіктердің" барлығына жатақханадан орын берілген. Оның сыртында, оларға шәкіртақы және демалыс кездерінде жол ақысын төлеу қарастырылған.
"Серпіндіктердің" барлығына жатақханадан орын берілген. Оның сыртында, оларға шәкіртақы және демалыс кездерінде жол ақысын төлеу қарастырылған.
























