Жүргізуші әкімшілік қамауға алынды
Қостанайда ашық сот отырысы болып, жол-көлік апаты болған жерден қашып кеткен 36 жастағы жүргізушінің ісі қаралды.

Мемлекеттік қорғаушы сотталушының кәмелетке толмаған екі баласының бар екенін ескеріп, айыппұл түріндегі жазаны бел-гілеуді сұрады. Алайда, мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Ә.Әмірғалиева келтірілген дәлелді дәйекті деп таппай, 45 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасын белгіледі.
Жол-патруль полициясы бөлімінде өткен ашық сот отырысына студенттер мен автомектептер оқушылары қатысты.
Жалпы жыл басынан бері 20 мыңдай жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 86 миллион теңге айыппұл өндірілді, сондай-ақ 60 жүргізуші әкімшілік қамауға алынды.