Амангелді ауданы: 18 пәтерлі үй жөнделеді

Облыс әкімінің есеп беру кездесуіне Амангелді ауданының тұрғыны, көп балалы ана Бану Мұқатова келді. Ол 2019 жылдан бері тұрғын үй кезегінде тұр. Мәметова көшесіндегі 18 пәтерлі тұрғын үйді жөндеуге қаржы бөлуді сұрайды. Бұл сұраққа аудан әкімі Әмірхан Асанов жауап берді. Тұрғын үйді толық пайдалануға беру үшін 152 млн теңге қажет. Жалпы, ауданда 5 категория бойынша 139 адам үй кезегінде тұр.
WhatsApp Image 2020-02-17 at 15.54.01
 – Сіздің мәселеңіз маған таныс. Бұл бойынша үш жылдық бағдарлама құрдық. «Нұрлы жер» арқылы осы Мәметова көшесіндегі тұрғын үйді жөндеп, пайдалануға береміз. Бұған екі жыл уақыт кетеді. Облыстық экономика және бюджетті  жоспарлау басқармасы мен аудан әкімдігіне тапсырамын, – деді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.

You may also like...

1 Response

  1. Мұрат айтты:

    Кезекті спектакль.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓