Тағылымды кездесу
Қостанай қаласындағы №24 бастауыш мектеп-гимназияда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ақын, көрнекті ақын, жазушы, драматург, көсемсөзші-журналист Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ақылбек Шаяхметпен кездесу болып өтті.
Жалынды жырлар оқылып, күмбірлеген күйлер шырқалған әдеби кешке білім ордасының ұстаздары мен шәкірттері қатысты.
№24 бастауыш мектеп-гимназия директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Нұргүл Қасенова өнер иелерімен, танымал қаламгерлермен жүздесулер өткізу, шәкірттердің санасына поэзияның құндылығын ұғындыру білім ордасында дәстүрге айналып келе жатқанын айтты. Ақынның балалары осы білім ұясында тәлім алған.
Ақылбек Қожаұлы кеш барысында өз өлеңдерін оқып, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Мектеп оқушылары ақынның жырларын жатқа айтты, сондай-ақ ақын ағамызбен бірге өлең жолдарының ұйқасын тапты. Болашақта өлең жазуға бейімі бар оқушылар ақыл-кеңес алды.
«Мектеп-гимназияда өнерге бейім, ән айтатын өнерлі оқушылар көп екен. Жастарымыздың білімде алғыр, өнерде жүйрік болуы тәлім берген ұстаздарының арқасы. Оқуда озат болып, әрқашанда ата-аналарыңның үтімін ақтаңдар»,- деп ақжол тіледі ақын.
Ш.АҢСАҒАНҚЫЗЫ
"Ақын, көрнекті ақын, жазушы, драматург,көсемсөзші-журналист". Не легн дарақылық? Жағымпаздықтык да шегі болуға тиісті ғой. Газетті мазаққа айналдыңдар ғой. Шаяхметті " Белгілі ақын" десе тағынан түсіп қала ма?