Мейірімділікке баулыған шара
Қостанай қаласындағы №29 орта мектебінде "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында және Абайдың 175 жылдығын орай «Махаббат және шығармашылық» онкүндігі өтті. 
Онкүндіктің алғашқы күні «Өзін-өзі тану»: Махаббат пен Шығармашылық» тақырыбында салтанатты ашылу жиыны өткізілді. Жиында онкүндіктің мақсаты, жоспары таныстырылды. Дәстүрлі онкүндікті оқушылар, үлкен қуанышпен қарсы алды. «Жүректен шуақ шашамыз» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды. Сурет, қолөнер байқауына 1-10 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар салған суреттері өз үйлесімділігін тауып, отбасы құндылықтары, ананың балаға деген махаббаты, достық сынды тақырыптарды бейнелеу арқылы өз ойларын жеткізе алған.


1-10 сынып аралығында «Махаббат және шығармашылық» тақырыбында танымдық сабақтар, ашық сабақтар өткізілді.




Оқушылар арасында ән-би концерті өткізілді, қатысушы балалар ана туралы әндерді зор ықыласпен орындады.
Шұға Қоңқабаева
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков