Тоғызқұмалақтан жүлдегер
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары арасында тоғызқұмалақтан ІV желілік спартакиадасында Қостанайдағы НЗМ 8-сынып оқушысы Әлихан Жұмашев 2-орынға ие болды. Әлихан 7-сыныптан бастап мектептің үйірмелеріне қатысып келеді. Негізгі бағыты – шахмат ойыны. Шахматтан бірнеше турнирге қатысып жүлделі болған. Сонымен бірге тоғызқұмалақтан да жақсы нәтиже көрсетіп жүр.
Бұл екі ойын түрі адамның ойлау қабілетін арттырып, логикалық деңгейін жақсартатынын білетін Әлихан болашақта мықты математик болуды армандайды.
Бұл екі ойын түрі адамның ойлау қабілетін арттырып, логикалық деңгейін жақсартатынын білетін Әлихан болашақта мықты математик болуды армандайды.