ЖКО: Ана мен бала ауыр халде

Қостанайда жаяу жүргіншілер жолағында балалы әйелді көлік соғып кетті. Бұл туралы zakon.kz сайты жазады.images
Жапа шеккен әйел және оның 9 жастағы баласы ауруханаға жеткізілген. Қыз бала облыстық Балалар ауруханасының жан сақтау бөлімінде комада жатыр. Анасының да халі аса ауыр жағдайда, ол да комада, сондай-ақ ол өте көп жарақат алған.
Оларды қағып кеткен Mercedes маркалы көліктің тізгінінде 71 жастағы ер адам болған. Осы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓