Ерен еңбектеріңіздің мәуелі жеңісі

"Мерейлі отбасы" ұлттық байқауының жүлдегерлері Жаңбыршыновтар отбасына
Құрметті Зейнолла Абайұлы-Бижамал Сапарбекқызы!
ЖанбуршиновСіздерді "Мерейлі отбасы" ұлттық байқауынан табысты оралуларыңызбен құттықтаймын!
Елбасының қабылдауында болып, елдің сый-құрметіне бөлену – ерен еңбектеріңіздің мәуелі жемісі деп білеміз.
Осы уақытқа дейін бір ауылдың шаруашылығын өркендетіп, өнегелі ұл-қыз тәрбиеледіңіздер.
Сол үшін де мәртебелі байқауда үздіктердің қатарынан көрініп, облысымыздың абыройын асқақтаттыңыздар.
Уақыт өткен сайын тамыры тереңге тартқан іргелі әулеттеріңіздің мерейі арта беретініне сенімдімін.
Отбасыларыңызға бақ-дәулет, ынтымақ пен береке тілеймін!
Қостанай облысының әкімі Н.Садуақасов.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓