“Халықтан жасыратын ештеңе жоқ”

"Нұр Отан" партиясының облыстық филиалының кезектен тыс XVII конференциясы болып өтті. Оған облыс әкімі,  филиалдың төрағасы  Нұралы Садуақасов қатысты.
Форумда "Нұр Отан" партиясының  сайлауалды платформасын жүзеге асыру туралы мәселелер сөз болды.Аймақ басшысы барлық нұротандықтарды өз сайлаушыларымен тығыз қарым-қатынас орнатуға шақырды. "Әр-бір адам мемлекеттік бағдарламалардың қалай жұмыс істеп жатқандығын білуі тиіс немесе тендер өткізу кезіндегі туындайтын мәселелер жөнінде құлағдар болғаны жөн, – деп атап көрсетті Нұралы Садуақасов, – Халықтың көбі шенеуніктердің не істеп, не қойып жатқандықтарынан хабарсыз. Мүлде бұлай болмауы керек".
Конференцияға қатысушы делегаттар Заречный сайлау округі бойынша облыстық мәслихаттың депутаттығына үміткерлікке  "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әлия Сапарованы лайық деп тапты.
Мәжіліс соңында Н.Садуақасов бір топ партия мүшелеріне жаңа куәліктер табыс етті.
Айбек
      КӘДІРҰЛЫ
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓