«Ел жүрегі – Астана»

Л.Толстой атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының  қызметкерлері Елорданың 20 жылдығына арнап «Ел жүрегі – Астана» атты көлемді кітап көрмесін ұйымдастырды. Келген қонақтар осы бастамаға ыстық ықыластарын білдірді. Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов Елордамыздың 20 жылдығына орай өңірімзде өтіп жатқан игі шараларға тоқталды.IMG_6739
 
IMG_6742Аталмыш кітап көрмесін ұйымдастыру Тәуелсіз еліміздің өткені мен бүгінгі тыныс-тіршілігін қамтитын Астана қаласының тарихы мен жылдар жетістігінің дереккөздерімен таныстыру және жастарымызды патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатынан  туындап  отыр.IMG_6759Оқырмандар мен келген қонақтар көрмеде «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы сериясы тұрғысында Елбасының «Қазақстан жолы», «Еуразия жүрегінде», Астанадан 2010 жылы жазушы, публицист, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Алдан Смайылдың «Астана ғасырлары», тарих ғылымдарының докторы, профессор Зиябек Қабылдиновтың «Астана: прошлое и настоящее», Ж.Қасымбаев пен Н.Агубаевтың «История Акмолы» атты еңбектерімен, «Астана» және кітапхана қорына жаңадан келіп түскен «Астана үшін мың тағзым!»,«Ақорда», қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде шығарылған, сонымен бірге Астананың  керемет жерлері бейнеленген фотоальбомдармен, мерзімді басылымдарда жарияланған тың деректермен, Отанымыздың Тәуелсіздігіне және жас қаламызға арналған жыр жинақтарымен, Қостанайдан шыққан ақын-жазушылардың өлең-жырларымен, шығармаларымен  танысты.IMG_6778
           
IMG_6771 Кітап көрмесіне келген қала тұрғындарына арнап кітапханашы Оксана Зелевская библиографиялық шолу жасап,  сонымен қатар, көрмеге қойылған жерлес және республикаға танымал ақындардың Елорадамызға арнап шығарған жыр-шумақтары  ұсынылып отырғанын да  айтып өтті.
            Осындай мәдени шаралар еліміздің барлық қалаларында кеңінен аталып өтпек.
 
Шұға ҚОҢҚАБАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓