«Қостанай Абайды оқиды»

Осылай аталатын жоба Л.Н. Толстой атындағы облыстық кітапханада басталды. Бұл туралы кітапхананың "Фейсбук" желісіндегі парақшасында жарияланды.абайҰлы ақын, ағартушы, философ Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған жоба аясында жазушылар, педагогтер, ғалымдар, қоғам қайраткерлері, студенттер, мектеп оқушылары мен кітапхана оқырмандары бейнежазбаға ақынның Қара сөздері мен өлеңдерін оқиды, сондай-ақ әндерін орындайды. Олардың барлығы кейін «Қостанай Абайды оқиды» бейнекітабына біріктіріледі. 
Жоба аясында алғашқылардың бірі болып белгілі қаламгер, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ғұмар Ахметчин Абайдың бірінші қара сөзін оқып берді.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓