“Жастар” театры Тобыл өңірінде

15-18 қазан аралығында Астана қаласының "Жастар" театры Қостанай жеріне гастрольдік сапармен келмек. Театр әртістері облыстық орыс драма театрының сахнасында бірнеше қойылымдарын көрсетеді.
Дарынды жас әртістер кешкілік қазақ тіліндегі қойылымдар қойса, балаларға арналған ертегілер орыс тілдерінде де болады. Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының түлектерiнен  кұралған бұл театрдың еңбектері бірталай асуды бағындырып үлгерді. Жастар театры 2007 жылдың 6 шілдесінде құрылып,  ең алғаш рет "Шыңғысхан" спектаклін сахналаған болатын.
"Жастар" театрының басқа театрлардан ерекшелігі – халық жадында сақталған көне жауhарларымызды әлі де жаңғыртып, оны жастарға тез өтімді ету үшін фольклорлы мюзикл жасап, пластикамен көрсетеді. Олардың репертуарында  "Ревизор", "Қожа" және т.б қойылымдар бар. Ендеше, театрға қарай асығыңыз. 
Айтолқын
        АЙҚАДАМОВА
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓