Қалада оң өзгеріс көп
Лисаков қаласының әкімі Алмат Исмағұловтың 2019 жылғы қаланың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есеп беріп, тұрғындармен кездесті. Өңірдің өнеркәсіп өндірісі саласында ілгерілеу бар. Былтыр 64 млрд теңгенің өнімі нарыққа шыққан.«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жас кәсіпкерлер 50 млн теңге несие алған. Сондай-ақ, құрылыс саласында орындалған жұмыстар көлемі 8,7 млрд теңгені құрады. Барлығы 9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Кешенді жоспар бойынша 1216 адам жұмыспен қамтылды. Жаңартылған форматтағы атаулы әлеуметтік көмек 103 отбасына 46,2 млн теңге сомасында тағайындалды. ҚР Тұңғыш Президенті Күнін мерекелеу қарсаңында қалада 100 орындық жаңа кинотеатр ашылды. Былтыр қала әкімдігіне 1344 өтініш келіп түсті. Әкімнің жеке қабылдауында 125 адам болды.Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Лисаков қаласының 2 көшесіне және Октябрь кентінің 2 көшесіне орташа жөндеу жүргізілді.
Тұрғындармен кездесуден кейін облыс әкімінің орынбасары Ерлан Қойшыбаев жергілікті кәсіпорындарды аралады. Сонымен қатар тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдап, мәселелерін шешіп берді. Тұрғындар тарапынан әлеуметтік, тұрмыстық сұрақтар қойылды.