Бір өзі 78 көлік әкелген
ҚР ІІМ Еуразиялық экономикалық одақ елдері аумағынан отандастарымыз алып келген автокөліктер туралы сараптама жасады. Анықталғандай, Қазақстанға ең көп шетелдік көлік енгізгендер алматылықтар болып отыр. Бұл туралы NUR.KZ. сайты жазады.
Жалпы саны, елдің 475 азаматы Қазақстанға 4 152 көлік әкелген. Сараптамаға сәйкес, көліксүйерлердің әрқайсысы кем дегенде 5 темір тұлпарды шекарадан өткізген. Елге ең көп көлік алып келген – Алматы облысының тұрғыны. Алдына жан салмаған ол елге енгізген 78 көліктің бәрін өз атына тіркеген. Үздік үштікті Атырау облысының екі тұрғыны түйіндейді, олардың шетелден тақымдап келген темір тұлпарларының саны 83-ке жетіп отыр.
Сондай-ақ, сараптама нәтижесі бойынша, шекара асып келген көліктер ең көп тұрақ тапқан облыстардың көшін Атырау облысы бастап тұр – 2300. Маңғыстау облысы 460 көлікпен екінші сатыдан көрінді. Бұдан кейінгі кезектерде Ақтөбе (391), Алматы (170) және Түркістан (146) облыстары бар.