Қостанай ұны Парсы шығанағына жол тартпақ

Облыс орталығындағы "Қазторгтранс" ЖШС Біріккен Араб Әмірліктері елдеріне Қостанай ұнын экспорттауды көздейді. Бұл туралы серіктестік басшысы Халиулла Гран Ака облыс әкімі Архимед Мұхамбетовпен болған кездесуде айтты. DSC_0376
Бүгін өңір басшысы аталмыш кәсіпорынды аралап, әлеуетін байқап қайтқан болатын.
-Бұл қадам біз үшін өте маңызды. Біз ешқашан Парсы шығанағындағы мемлекеттермен жұмыс істеп көрмедік. Әуелі, қамбаны астыққа толтырыңдар, кейін ресми байланыс орнатып, алғашқы өнімдерді жіберіп көреміз. Егер жақсы бағалап жатса, одан әрі дамытатын боламыз. Бұл – тек астық өнімдерін ғана емес, басқа да бағыттарға жол ашатын тамаша мүмкіндік,-деді облыс әкімі.DSC_0350"Қазторгтранс" компаниясы 15 жылдан бері ұн, бидай және басқа да өнімдерді шет елдерге экспорттап келеді. Серіктестік басшысының айтуынша, биыл олар Өзбекстан және Ауғанстанға 50 тонна ұн, 10-15 тонна бидай, 5 тонна майлы дақылдарды өткізген. Мемлекет қолдауының арқасында жаңа серпілістерге мүмкіндік бар. Келер жылы темір қоймалар салып, жұмысшы санын көбейткісі келеді. DSC_0356
DSC_0359Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов компания директорын алғыс хатпен марапаттап, оң бағасын берді. Келешекте айтылған мәселелерді кеңінен талқылап, кәсіп көзін ұлғайтуға уәделесті.   
DSC_0380
DSC_0370
Кенже ҚОНЫСБАЙ
Суреттерді түсірген автор

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓