Енді лай кешпейді
"Ауыл – ел бесігі" мемлекеттік бағдарламасы аясында Қостанай ауданы Заречный ауылының үш көшесінде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.Асфальтталып жатқан көшелердің ең ұзыны Садовый – 1 км 800 м, Советский – 700 м, ал Майлин көшесі – 1 км 300 м. Бұған көзделген қаражат көлемі 130 млн теңгеден асады.
"Заречныйда 8 мыңнан артық адам тұрады. Тұрғындар жол мәселесін жиі айтып жүретін. Ауыл құрылғалы асфальтталмаған көшелер бар. Соның бірі – Советский. Мердігерлер үш көшедегі жөндеу жұмыстарын қазан айында аяқтап беруді уәде етіп отыр", – дейді Заречный ауылдық округінің әкімі Нұрғиса Исмағамбетов.Жаңбыр жауса, лай кешетін тұрғындар бұл жаңалықты асыға күткенін айтады. «Немерем мектепке жақсы көңіл-күймен баратын болды» деп күледі Жаңылхан Бердіқожақызы.
"Советский көшесіне көшіп келгеніме үшінші жыл. Суымыз, газымыз бар, енді осы жол болса деп жүр едік. Оған да қолымыз жеткелі тұр. Өте қуаныштымыз", – дейді ол.