«Қаламгер» әдеби клубы ашылды

Ұлы Абайдың 175 жылдығы қарсаңында Қарабалық аудандық кітапханасы жанынан «Қаламгер» деп аталатын әдеби клуб ашылды.мектепте
Клубтың тұсаукесері аудан орталығындағы Абай атындағы орта мектепте өтті. Оны аудан әкімі Нұржан Өтегенов ашты. Ақын Сәния Қабылова жырдан шашу шашты. Арнайы шақырылған қонақтар – ақындар Аылбек Шаяхмет және Әбдірахман Досов әдеби клубтың ашылуымен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
Бұдан кейін мектепте орыс және қазақ секциясы жұмыс істеді.  Аудан әкімдігінің биыл Абайдың құрметіне арнайы байқау жариялағаны хабарланды.
Өске Торқаұлы, Серәлі Еруәліұлы, Сүйірқұл, Мұхаметжан Сералин, Өтеміс Қалабаев секілді ақындар, Иван Щеголихин секілді жазушылар туған өлкеде олардың ізбасарлары да бар екен. Келешекте олардың шығармаларын жинастырып, альманах шығару да жоспарланып отыр.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓