Ойыннан от шықпасын

Тағы да терек түлеп, ұлпа ұшқындап, түбіттер бұрқырай бастады. Жаз шығысымен қайталанатын бұл құбылыс тұрғындарға ғана берекесіздік тудырып қана қоймайды, өрт сөндірушілерді де әбігерге салады. Мәселен, 30 мамыр мен 5 маусым аралығында облыс аумағында 182 өрт оқиғасы тіркелген. Абырой болғанда, тісіз жау әр кезде де дер шағында тұмшаланып отырды. Құрбандар мен жапа шегушілер тіркелген жоқ. Тез тұтанғыш ұлпалардың кесірінен болатын оқыс жағдайларға жол бермеуге әр тұрғын жауапты екенін айтады өрт сөндірушілер. 30101818.234281.7167Өйткені жылу құбырларына, ағаштан салынған нысандарға қауіп төндіретін өртке кейде адамдардың салғырттығы да себеп болуда. Қауіпсіздік ережелерін сақтауға немқұрайды қарамау керек. Балалар мен жасөспірімдердің ермегіне айналмауы қадағалануы тиіс. Кәсіпорындар мен мекемелерде темекі шегу тәртібін бақылау, от жағуды және қоқыстарды өртеуге үзілді-кесілді жол бермеу, дәнекерлеу жұмыстарын өткізуге алдын ала дайындық жасау, қосымша өртке қарсы нұсқау жүргізу аса қажет.
Осы қарапайым ережелерді сақтау ғана өрттің алдын алады. Осыған орай, Қостанай облысының төтенше жағдайлар Департаменті балалардың бейсауат "ойынының" кесірінен туындаған өрттердің материалдық залалдарын заң бойынша ата-аналар өтейтінін ескертеді. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓