Дирижерлер форумы жалғасуда

Қостанайда Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияда ІІІ Халықаралық дирижерлер форумы өтіп жатыр. Бұл дәстүрлі мәдени шара биыл орыс халық аспаптары оркестрінің 35 жылдығына арналып отыр. 84766071_773119253197773_2098719040292782080_oБүгін, форумның екінші күнінде облыстық филармонияның камералы оркестрінің концерті өтті. Сахнада әлем композиторларының әйгілі композициялары орындалды. Атап айтқанда, Модест Мусоргский, Александр Бородин, Сергей Рахманинов, Александр Варламов, Николай Римский-Корсаков, Петр Чайковский, Исаак Дунаевский сынды музыка майталмандарының туындылары, белгілі опералардан үзінділер көрермендер назарына ұсынылды. Музыканттар Абайдың 175 жылдығына арналған челленджге де қолдау білдірді. Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, бас-баритон Паевл Черных "Көзімнің қарасы" әнін шырқады. Айтулы музыканттар – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" орденінің иегері, бас дирижердің орынбасары Абзал Мұхитдинов, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының симфониялық оркестрі жетекшісі Берік Батырхан, облыстық филармонияның камералы оркестірінің бас дирижері Тарас Мызин және дарынды дирижер Асхат Манақбаев осы концертте дирижерлік тізгінін ұстады. 
Облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов барлық қатысушыларды дирижерлер форумының басталуымен құттықтап, Абзал Мұхитдиновке Алғыс хат пен естелік сыйлық табыс етті. 
"Бүгінде біздің арамызда жеті әйгілі дирижер бар. Сіздер бүгін осы ғаламат жетіліктің екеуін көрдіңіздер. Оларға алтын уақыттарын бөліп, Қостанайға арнайы келгендері үшін шексіз алғысымызды білдіреміз. Сондай-ақ, біз Жастар сарайының Қостанай облысы мәдениетіне қызмет етіп жатқаны үшін ерекше қуаныштымыз", – деді Ерлан Болатұлы.
Естеріңізге сала кетейік, Халықаралық дирижерлер форумы аясында бүгін, 6 ақпанда қазақ халық аспаптар оркестрінің концерті өтеді. Ал 7 ақпанға орыс халық аспаптар оркестрінің мерейтойлық концерті жоспарланған.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓