Үй иелері қаза тапты
Күні кеше Рудный қаласының Комсомльский дағылында 5 қабатты тұрғын үйдің 52-пәтерінде өрт шықты. Қаза тапқандар бар. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлайды.
Бірінші қабаттағы пәтерде жиһаз бен жее заттар өртенген. Құтқарушылар үй кіреберісінен 45 адамды тысқа шығарды. Құтқарылғандардың 5-і – балалар.
Өртті сөндіру кезінде үй иелері – 90 жастағы кейуана мен оның 62 жастағы ұлының денесі табылды.
Өрттің шығу себептері анықталуда.