Турнир басталды
Бүгін «Тобыл Арена» манежінде балғын футболшылар арасында халықаралық турнир басталды. Іс-шараға еліміздің Нұр-Сұлтан, Қостанай, Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Өскемен, Рудный, Ресей Федерациясының Челябі қалаларынан командалар қатысады. Барлығы 12 команда тіркелген. Қатысушылар 50, 40, 30 мың теңге жүлде қорына, сондай-ақ Қостанай қаласы әкімінің кубогі мен сыйлықтары үшін бақ сынасады. Халықаралық турнир үш күнге созылып, 9 ақпанда финалдық ойындар өтеді. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов жарысқа келген жас футболшыларға сәттілік тіледі.
Қасқырбай Қойшыманов