Жеткіншектер жеңімпаз болып оралды
Алматы қаласында оқушылар арасында терме мен вокалдан өткен республикалық байқаудан Алтынсарин ауданының жеткіншектері жеңіспен оралды. Елдің әр өңірінен дарынды оқушыларды жиған байқауда алтынсариндік Қалел Хамзаұлы мен Ділназ Әлімжан топ жарды. Атап айтқанда, Қалел Серік Тұрғынбековтің сөзіне жазылған "Біздің Торғай" термесін орындап, қатарынан озық шықты. Оның ұстазы – аудандық балалар шығармашылығы үйірмесінің жетекшісі Серік Алпысов. Облыс намысын арқалап барған тағы бір үміткер Ділназ вокал сынынан өзіне тең келер ешкімнің жоқтығын дәлелдеді. Бұл талапкердің жетекшісі – қобыз үйірмесінің мұғалімі Жанерке Сәрсенбаева.