Облыста жаңа әкім

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен Архимед Мұхамбетов Қостанай облысының әкімі болып тағайындалды. ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов бүгін Қостанай облысының активіне аймақтың жаңа басшысын таныстырды.архимед
Архимед Бегежанұлы Мұхамбетов 1972 жылы туған. Самара мемлекеттік техникалық университеті мен Қазақ-орыс халықаралық университетін бітірген. Мамандығы бойынша – инженер-электрик, қаржы бакалавры. Еңбек жолын Ақтөбе қаласының коммерциялық құрылымдарында бастаған. Ақтөбе облысының сыртқы-экономикалық байланыс және инвестициялар басқармасының бастығы, “Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ өңірлік директоры, Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары, Ақтөбе қаласының әкімі қызметтерін атқарды. 2011 жылдың 22 шілдесінен осы уақытқа дейін Ақтөбе облысының әкімі қызметін атқарған.
Ал, облыстың бұрынғы әкімі Н.Садуақасов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.

You may also like...

1 Response

  1. Гүлден айтты:

    Құтты болсын! "Қазақылықтың иісі" аңқып тұрған жігіт деп сенейік…

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓