Жолдар жабылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қостанай облысында түрлі бағыттар бойынша автожолдар жабылды, деп хабарлайды ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитеті. кыскы жолҚостанай облысында 24 қаңтар сағат 19:00-ден бастап (бұрқасын, жолдың нашар көрінуі) Р-36 «Қостанай-Әулиекөл-Сурган» автожолы (108-232 шақырым аралығы, Әулиекөл ауылынан – Ақмола облысының шекарасына дейін), А-16 «Жезқазған-Петропавл» күре жолы (252-377 шақырым аралығы, Қарағанды облысының — Арқалық — Ақмола облысының шекарасына дейін) барлық автокөлікке жабық.
24 қаңтар сағат 19:00-ден бастап «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ телефонхатына сәйкес, (боран, көру мүмкіндігінің шектелуі) облыстық маңыздағы «Арқалық-Торғай» (0-288 шақырым аралығы, а/ж «Әулиекөл -Жолдама», 0-257 шақырым аралығы, а/ж «Қойбағар-Севастополь» 0-124 шақырым аралығы) автожол учаскесінде барлық көлік үшін қозғалыс тоқтатылды.
Сондай-ақ, Қарағанды облысында 24 қаңтар сағат 11:35-тен бастап (бұрқасын, жолдың нашар көрінуі) «Ұлытау ауданы-Қостанай обл. шекарасы» (136-252 шақырым аралығы, «Жезқазған-Петропавл» автожолы) бөлігінде барлық автокөлікке қозғалыс шектелді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓