Баспана иесі – көп балалы ана

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Зекет» қайырымдылық қорының «Ел үлесі — пәтерге» акциясы аясында елдегі баспанаға мұқтаж жетім балаларға, көп балалы отбасыларға көмек көрсетіліп жатыр. ҚМДБ Бас мүфтиі Серікбай қажы Оразұлының тікелей тапсырмасымен басталған осы ізгі жоба Жангелдин ауданының Торғай ауылында жалғасын тапты. 84748888_511794509738026_997249362696339456_o
83981833_511794819737995_6987404885666824192_oБұл жолы алты баланың анасы Мадина Қонысоваға 174-ші үйдің кілті табыс етілді. Баспана кілтін Арқалық қаласындағы «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің Бас имамы Дархан Исламбекұлы табыстады. Үй иелеріне аудан тұрғындары әрі мешіт жамағаты кілем тарту етті. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қарсақбай Бірмағанбетов сөз сөйлеп, қуаныш иелерін құттықтады. 84851772_511794673071343_5197477192044380160_oАйта кеткен жөн, бұл акция мешітке келуші жамағаттар мен қайырымды жандардың үлес қосуы арқасында жүзеге асуда. Осы уақытқа дейін Қазақстан бойынша екі жүзге жуық үй өз иелерін тапқан.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓