Тәрелкелер де әр түрлі болады немесе телерадиохабар тарату операторлары жұмысындағы кейбір түйткілдер

1 тарелкаБүгін біз оқырмандарымызды жерсеріктік антенналар нарығы, сондай-ақ қазақстандық телевизияның дамуына кедергі келтіріп отырған мәселелер мен біздің Қостанай облысындағы ахуалмен қысқаша таныстырып өтуді жөн көрдік.  
Басылым беттері мен ғаламторда "Триколор", "НТВ+", "Радуга", "Телекарта" секілді операторлардың жерсеріктік  қондырғыларын сату мен желіге қосылу қызметтерін жарнамалаған хабарландырулар тұнып тұр.
Бір жағынан онда тұрған не бар деп ойларсыз? Алайда, "Лицензия беру" туралы ҚР Заңының 24 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында  телевизиялық және радиохабар таратуды ұйымдастыру – лицензияланатын қызмет түрі болып табылады.
Сондықтан қазақстандық телерадиохабар тарату операторлары, мемлекеттік немесе коммерциялық болсын, ел аумағында қызметтерін ретке келтіретін рұқсат құжаттарын алулары тиіс. Осылайша отандық операторлар жаңа жұмыс орындарын ашып, мемлекеттік қазынаны салық-алымдарымен толықтыра отырып, ел экономикасы мен отандық телехабар тарату саласының дамуына өз үлестерін қосады. Бүгінде Қазақстанда лицензия негізінде үлкенді-кішілі жүзден астам операторлар жұмыс жасайды, оладың арасында жалпы республикалық көлемде – "Алма TV", "Icon", Қазтелерадио ("OTAU TV"), Қазақтелеком  ("ID TV") және аймақтық операторлар бар. Мысалы, біздің Қостанай облысында "Фаворит" Жітіқара қ., "Алькор групп" Рудный қ., "Софтлайн" Қостанай қ., "РудЭкспресс" Рудный қ., "365" Рудный қ., "Спутниковое кабельное телевидение города Аркалык" Арқалық қ., "MVIT" Жітіқара қ., "Кадырбек + ТВ" Арқалық қ., "TV LINE" Лисаков қ., "Кабельные сети Костаная" Қостанай қ., "Валента" Қостанай қ., "Медиа ТВ" Рудный қ., "Бриз-Медиа" Жітіқара қ., ТОО "Кабельное телевидение" Лисаков қ. секілді 14 кабельдік операторлар жұмыс жасайды. Лицензияланған операторлардың толық тізімі мына сайтта көрсетілген http://www.mki.gov.kz/rus/gos_uslugi/licenzirovanie_teleradio/.
2 тарелкаЕл аумағында қызмет атқарып жатқан шетелдік, әсіресе жерсеріктік желіде жұмыс істейтін операторларға қатысты жағдай мүлде басқаша. Техникалық тұрғыдан шетелдік операторлардың жерсеріктік антенналарын қолдануға тыйым салу мүмкін емес, өйткені ғарыштан тарайтын жерсеріктік сигналдың қамту аумағы, мемлекеттік шекаралардан анағұрлым кең. Бұл жақсы да, өйткені тұтынушылардың да, хабар тарату операторларының да мүмкіндік-тері артады.
Алайда, кәсіпкерлік қызметті сол елдің заңнамаларына сәйкес жүргізу керек екені белгілі. Нәтижесінде, бір операторлар жарнама, тіл, телерадиохабар тарату туралы заңдар, техникалық регла- менттер, абоненттерге қыз- мет көрсету ереже талаптарын орындап, есепке тұрып жат- са, келесілері ешқандай тер төкпестен, сол көрерменнен табыс тауып отырғанын көреміз. Яғни, қандай да бір шығын көрмей, оның ішінде Қазақстан бюджетіне алым-салым төлеместен шетелдік жерсеріктік операторлар еліміздің телерадиохабар тарату нарығының "бал қаймағын" сыпырып жеп отыр десек те болады. Анығына келсек, бұл лицензиядан өткен операторлар үшін теңсіз бәсекелестік. Тәуелсіз сарапшылардың дерегіне жүгінсек, Қазақстан бюджетінен айналып өтіп, шетелдік операторларға кетіп жатқан табыс жыл сайын миллиардтаған теңге көлеміне жеткен.  Рәсімделуден өтпеген "сұр антенналарды" қолданатын азаматтар Қазақстанның ақпараттық кеңістігінен тыс қалып отыр. Ал отандық жерсеріктік және кабельдік хабар тарату операторлары ҚР Үкіметінің 28.12.2012ж. №1713 қаулысына сәйкес, міндетті түрде трансляциялануы тиіс 14 отандық телеарнаны көрсетуге міндетті. Ал шет елдің операторларының Қазақстан телеарналарын өз телетоптамасына қосуға техникалық мүмкіндіктері бола тұра, оларды трансляцияламай отыр. 
Біздің нарықты "сұр антенналар" қалай толтырды? Шын мәнісінде, Кеңес Одағы ыдыраған соң, ақпараттық шекаралар жойылды. Жұрт жаппай ақпарат-қа ұмтылды. Дүңгіршектеріміз шетелдік газет пен журналдарға толды. 3 тарелкаТелевизия саласында да дәл сол жағдай орын алды. Айта кетерлік бір жәйт, ол кезде қазақстандық операторлар шетелдік хабар таратушылармен бәсекеге шыдас бермейтін. Кеңестік дәуірден қолданылып келген телехабар таратудың аналогтық стандарты, заманауи көрерменнің көңілінен шықпады. Әрі ескі форматтың сапасы да сын көтермейтін, көрсетілетін телеарна саны 3-5 тен аспайтын, әсіресе ауылдық жерлерде. Осының әсерінен "сұраныс ұсыныс туғызды" принципі бойынша, Қазақстан нарығына, әсіресе ауылдық жерде "сұр антенналар" легі лап қойды. Егер қалаларда кабельдік операторлар кеңінен таралса, шағын қалашықтар мен елді мекендерде қызмет көрсетуден кабель таратушылар тартыншақтана беретін. Өйткені оларға ауылдар – коммерциялық тұрғыдан тиімсіз орта.
Қостанай облысында жалпы облыс аула санынан шамамен 30% сұр антенна бар –бұл қазақстандық хабар тарату операторлары үшін көңіл көншітерлік жәйт емес. Бір қуантарлығы, соңғы жылдары біздің операторлар қарқынды дамып жатқанын байқауға болады. Бүгінде Алма ТВ – 600 000 абоненті, ID TV – 200 000, OTAU TV – 750 000,  Icon – 300 000 абоненті бар. Оған жергілікті кабельшілердің нарығын қосыңыз. Қазақстандық операторлар жұмысының арқасында, елімізде 10 отбасының 8-і кем дегенде 14 қазақстандық телеарнаны көріп отыр деген сөз. 
Оның үстіне базарларда "сұр антенналардың" сатылуы тұтынушылардың мүддесін қорғамайды. Мысалы Сіз "Триколор", "НТВ Плюс", "Радуга", "Телекарта", "Платформа HD, "Рикор" және т.б. антеннасын сатып алдыңыз, біраздан соң қондырғыда техникалық ақау пайда болды делік. Сіз ешкімнен көмек сұрай алмайсыз, өйткені аталған операторлардың Қазақстанда өкілдігі жоқ. Оның үстіне шетелдік операторлардың көбі, ескіріп қалған DVB-S стандартында хабар таратады. Ал Қазақстанда 27.12.2010ж. ведомствоаралық комиссия хаттамасымен DVB-S-2 стандарты қабылданған. Сонымен қатар шетел операторлары тыйым салынған тауар мен қызметті жарнаманалау арқылы жарнамалық заңнаманы бұзып отыр. Шетелдік операторлардың қондырғы мәзірі мен қолдану нұсқаулығында қазақ тілі қарастырылмағандықтан, ҚР "Тілдер туралы" Заңы да бұзылған. Бұған қоса, 4 тарелка"Телерадиохабар туралы" Заңға сәйкес, мемлекеттік есепке тұрмаған телеарналарды ҚР аумағында трансляциялауға тыйым салынған. Бүгінде 200-ден астам шетелдік телерадиоарна ҚР аумағында тіркеуден (http://www.aci.gov.kz сайтының мәліметтері бойынша) өтті.  Алайда шетелдік операторлар біздің көрермендерге ҚР аумағында тіркеуге тұрмаған шамамен 300 арнаны көрсетіп отыр.
Бұл операторлардың жұмыс жасау тәсілі де оңай, ауыл-ауылды өздері араламайды, агент немесе диллер ретінде желіге қостыру қызметін көрсететін қазақстандық кәсіпкерлер арқылы жұмысын жүргізуде.
"Сұр антенналарды" көпқабатты үйлерге орнату – қала көрінісін де бұзып тұр. Біздің үйлер қазір неге ұқсаған?
Бұл қала құрылысы мен сәулеткерлік заңнамаларын сақтамау деген сөз. Бұл қаланың жалпы көрінісін қорғау үшан қолға алынған шара. Антенна қойғысы келген адам, оны тысқы қабырғаға іле бермей, шатырға орнатуы тиіс. Сондықтан бұл жергілікті атқарушы органдардың өкілеттігіндегі мәселе.
Осы ахуалды сипаттай келе, есімізге Наполеон Бонапарттың: "Өз әскерін асырағысы келмеген халық, өзге елдің әскерін асырайтын болады" деген сөзі еске түседі. Шетелдік хабар тарату операторларын асыраймыз ба, әлде Қазақстан телевизиясының дамуына үлес қосып, бюджетімізді толықтырамыз ба, отандық телекөрермен мен жергілікті әкімдіктер қандай таңдау жасайды екен?
Бақыт ТӨЛЕКОВ,
"Қазтелерадио" АҚ облыстық филиалының директоры.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓