Егіздің зарын кім естір? “Егер естісе, егіз сәбиіміз сызды үйден құтылар еді-ау!” – дейді олардың ата-аналары
Суық бөлмеде қос сәбимен…
Бұл күнде арамызда көмекке зәру жандар жетерлік. Солардың бірі – Қостанай ауданы орталы-ғының тұрғындары, жас отбасы Олжас, Мейрамгүл Әбілхайыровтар. Олардың егіз нәрестесімен ауыр тағдырды бастан өткеріп жатқандарын естігенде біз де қарап тұра алмадық. Барып жағдайын білген соң осы мақаланы жазып отырмыз.
Егізді дүниеге әкеліп, ескерусіз қалып, жандары жүдеген жас отбасын Затоболдағы адам бара бермейтін тығыз орналасқан жатаған үйлердің арасынан әрең тауып алдық. Жұпыны тірліктен әбден шаршаған жас жанұя кімге барып мұңын шағарын білмей отыр. Қос нәрестенің тауқыметі шаршатпай қойсын ба, жүзде-рінде кірбің бар. Әке 25-те, ана 26-да. Кішкентай нәрестелер не білсін тәйірі, қарындары ашқан-да ғана ата-анасына жәудіреп қарайды. Қалған уақыттары томаға тұйық өтіп жатқан сынды… Басында баспанасы жоқ отағасы Олжас амалсыздан келіншегінің әкесінің үйінде тұруға мәжбүр. Өзінің жалғыз анасының да баласына бөліп берер артық дәулеті жоқ. Қалған іні-қарындастары тағы бар.
Жас отбасы тұрып жатқан тар бөлме өте жайсыз екенін көзіміз-бен көрдік. Осындай жерде тұ-рып жатқан қос сәби дүние есі-гін ашқалы аурухананың табал-дырығын тоздырумен келеді. Біз барған күні ғана қос нәрестесін құшақтаған Мейрамгүл ауруха-надан сұранып шығыпты. "Бүл-діршіндерге ұзақ емделу керек", – дейді еріксіз күрсініп. Дәрі-герлер де жас отбасының тұрып жатқан баспанасын ауыстыруға кеңес беріпті. Әйтпейінше кіш-кентай Аяна мен Раянаның денсаулығы дұрысталып кетуі екі талай. Қабырғасының қысы-жазы сызы кеппейтін, оның үстіне қыстың қақаған аязда-рында пана болмай кететін шағын лашықта күнелтіп жат-қан бүлдіршіндер бірнеше рет ішек пен өкпесі қабынып емде-ліпті. Қазір де ем алып жатыр. Қиын тұрмыс пен жайсыз қоныс қос бүйірден қысып тұрса ота-ғасы не істемек?! Жергілікті диірмендердің бірінде қара жұмысшы болып жұмыс істейтін Олжастың еліміздегі жүзеге асып жатқан бағдарламалар арқылы үй кезегіне тұра алмай жүр.
Үй кезегіне тұра алмай жүр
Еліміздегі талай жас отбасы-ның бағын ашып жатқан "Қол жетімді баспана" бағдарламасы Әбілхайыровтар отбасы үшін шың басындағы сағым сынды. Үйсіз-күйсіз жүрген жанұя бас-паналы болуды көздеп, құжат жинап, тапсырайын десе, оны қабылдамайтынын айтып нали-ды. Ол үшін мемлекеттік бағдар-лама ертегі секілді көрінеді. Осы арада егіз баланың ата-анасын үй кезегіне тіркеу кімдер үшін соншалықты ауыр жұмыс болып отырғаны белгісіз.
Егіздер осы жылы шілде айының 3 күні Қостанай қалалық перзентханасында дүниеге ке-ліпті. Бәз біреулердей дабырай-тып, телеарналарды шақырып жарнамалау кезінде жас жанұя құлықсыздық танытыпты. Бүгінде оған өздері де өкінетін сыңайлы.
Әкімдік жағдайымыздан хабардар
Егіз бала дүниеге келгелі бей-неттері зорайған жас отбасылар-ды ай қарап жатыр деп жазғыруға болмайды. Шамалары келгенше әкім-қараларды жағалап шығып-ты. Атақ-абыройы зор билік пар-тиясына да арыздарын жөнелтіп-ті.
Айтпақшы, осыдан кейін егіз-дің әкесі Олжас Қостанай ауда-ны әкімінің орынбасары Бауыр-жан Көпжасаров мырзаның қа-былдауында болыпты. Мән-жаймен мұқият танысқан әкімнің орынбасары үй жағынан көмек болады деп уәде бере алмапты.
Ал, аудан әкімінің орнынбаса-ры Бауыржан Көпжасаровтың айтар өз уәжі бар. Дәл қазір ау-дан бойынша "Қол жетімді бас-пана" бағдарламасымен салы-нып жатқан тұрғын үй жоқ. Сон-дықтан, құжат қабылданбайды. Сондай-ақ, әкімдік меншігінде тығырыққа тіреліп, тұрғын үйдің азабын тарқан жас отбасына уақытша болса да паналайтын баспана да болмай отыр. Сон-дықтан, бұл жерде атқарушы билік қауқарсыз.
– Елбасы ұлан байтақ дала-мызды кеңінен пайдалану үшін, демографиялық дүмпу керек дегелі қашан?! Біз табиғи жолмен дүниеге әкелген егіздің тағдыры дәл осылайша қиындықпен өріледі деп ойламаппыз, – дейді көзінен жасы моншақтаған ота-насы Мейрамгүл Әбілхайырова.
– Біз баланы біреу үшін туған жоқпыз, әрине. Оны бұлдамай-мыз да. Тек айтқым келгені – егіз аудан көлемінде күнде дүниеге келіп жатқан жоқ қой. Сондықтан, оларға ерекше күтім керек екенін қаймана қазақ біледі. Біз секілді отбасыларды қамқорлыққа алып, ұрпақ өрбітуді көздеп отыр-ған жас жанұяларға қамқорлықта үлгі етерлік деңгейге көтеруді ел басқарған азаматтар білсе керек-ті. Біздің тіршілігімізді, қиыншы-лығымызды, ауыр азабымызды көрген жастар демографияға үлес қосады деп айту қиын. Кең байтақ жеріміз болғанымен, оны мекендейтін халық саны аз ғой ұлтымызда, – деп Олжас ренішін де жасырмады. Сөз арасында былай деп қалды: "Көзіміз ашық қой. Ғаламторды ақтарып қарап отырамыз. Ресей Үкіметі жан-ұялы жастарының бала тууға қы-зығушылығын арттырып отыр. Шот аштырып, өзге де жеңілдік-тер жасауда. Үшем не егіз дүние-ге келсе, күйеуіне декрет ашты-рады екен. Жағдайларын жасап, қарасады екен. Бізде ондай заң-дар қарастырылмағаны қандай өкінішті!"
Түйін:
Дүниеге егіз келуі ерекше құбылыс екені даусыз. Ең алдымен, Алланың қалауы. Демографияның қарқындылығына, өркендеуіне үлес қосатын да осылар емес пе? "Қанша малды болса да, бай қуанар егізге" демейтін бе еді қазақ?! Онда біздің бай мемлекетіміз, басты байлығымыз – балалардың көптеп дүниеге келгендеріне неге қуанбайды?
Мешіт Ғазиз.