Туған тілім – тұғырым!

Халық тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық өзінің салт-дәстүрін, ана тілін ерекше қорғайды.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев "Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде" деген тұжырымды үнемі айтып келеді. Қазақ тілі мәселесі мемлекеттік  деңгейге көтерілген кейінгі жылдары жұртшылық ана тілі үшін белсенділік танытуда. Бірақ  әлі шешілмей жатқан түйінді мәселелер баршылық. Қалай дегенмен қазақ тілін жетік меңгеру үшін мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған көмек те, жасалып жатқан жағдай да жеткілікті. Елімізде тіл үйренем деуші әр азаматқа еш шектеусіз мүмкіндік берілген. Тәуелсіз қазақ мемлекетіміздің болашағын жарқын бейнеде елестетуші әр азамат тіл үйренуге міндетті.
Г.Едресова,
Қазақстан Республикасы ІІМ
Қостанай академиясы магистратурасының  аға оқытушы-әдіскері, полиция майоры.
 
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓