“Ең үздік оқырман” бенефисі
Міне, осындай тақырыпта аудандық балалар кітапханасы Ы.Алтынсарин орта мектебінің оқушысы, "Қостанай таңы" газетінің жас тілшісі, әр түрлі байқауларға қатысып, жүлделі орындар алып жүрген, жыл соңында 56 кітап оқып, "Ең үздік оқырман" атағына ие болған Жансая Мұханбетқалиевамен іс-шара өткізді.
Бұл кешті өткізудегі мақсатымыз – ұлттық сана-сезімі жоғары, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, адамгершілік, ізгілік, елжандылық, имандылық сияқты ізгі қасиеттерді кітап арқылы қалыптастыру. Кешке мектеп оқушылары қатысты. Сонымен қатар Жансаяның осындай жетістіктерге жетуіне өз үлесін қосып жүрген, қабілетін ашуда көп көмегі тиген ұстаздарының бірі, сынып жетекшісі Сәуле Жүсіпова апайдың айтуынша, Жансая мейірімді, ұйымдастырушылық қабілеті мен жауапкешілігі мол оқушыларының бірі. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты биік рухты болса, ол елдің еңсесі де биік болмақ. Жастарымыз Жансаядай жалын жүректі, өршіл намысты болса дейміз.
Кеш аясында Аманкелді орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Саягүл Мұхатина, орталық кітапхананың кітапханашысы Гүлнұр Қалмағанбетова да жылы лебіздерін білдірді. Кеш ән, бимен жал-ғасты.
Зарина МҰСАБАЕВА,
Аманкелді аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі.