Ән қанатында…
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай академиясында республикаға еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қостанай қаласындағы фольклорлық-этнографиялық "Мирас" ансамблінің белді мүшесі, Аманкелді ауданының Құрметті азаматы, танымал әнші, сазгер Қалибек Деріпсалдинмен кездесу кеші болып өтті. Кеш "Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күні" мерекесіне орай ұйымдастырылды. Іс-шара аясында академия басшысының орынбасары полиция полковнигі Е. Қаппасов сөз сөйледі. Ал, әнші, сазгер Қалибек ағамыз өзінің әндерін шырқады. Академияның профессорлық-оқытушылар құрамы, қызметкерлері, магистраттар мен күндізгі оқыту факультетінің тыңдаушылары әншінің әндерін тыңдай отырып, өздерінің сұрақтарын да қойды. Сый-сыйапат та болды.
Гүлназым
САҒИТОВА
Суретте: кештен көрініс.