Сіз білесіз бе?

Қазақ халқында:
– ең тәтті нәрсе – жан,  ең ащы нәрсе – тіл.
–  ең қатты нәрсе – дін, ең күшті нәрсе – ұят.
– ең жүйрік нәрсе – көңіл,
                                      ең жаман нәрсе – нәпсі.
– ең ыстық нәрсе – бала,
                                       ең суық нәрсе – мүрде.
– ең қысқа нәрсе – ғұмыр,
                                   ең опасыз нәрсе – дүние.
– ең жақын нәрсе – ажал,
                                        ең ұшқыр нәрсе – қиял.
– ең нәзік нәрсе – сезім, 
                              ең аздырғыш нәрсе – құлақ.
– ең зор байлық – денсаулық,
                               ең зор кедейлік – надандық.
– ең биік нәрсе – арман,
                             ең аласа нәрсе – мешеулік.
–  ең тұрақсыз нәрсе – бақ,
                                  ең былапыт нәрсе – ауыз.
–  ең қараңғы нәрсе – көкірегі соқырлық,
                                       ең қызық нәрсе – білім.
– ең жаралағыш нәрсе – қасірет, 
                      ең семірткіш нәрсе – жақсы сөз.
– ең жақын дос – жан жар,
                            ең пасық нәрсе – жалқаулық.
 
***  *** ***
–  Саусақтың ізі сияқты тілдің ізі де қайталанбайтын бірегей болады екен.
– Футболшы бір ойында шамамен 11  шақырым жүгіреді.
– Жануарлардың ішінде артындағыны мойын бұрмай-ақ көре алатын екеу ғана – қоян мен тотықұс.
– Егер тіліңіздің түсі күлгін болса, ол "таза" деген сөз, ағарып тұрса, бактерия қабаты түзілген деген белгі.
– Ұнатқан дүниесін көргенде адамның қарашығы 45 % дейін ұлғаяды екен.
– Адамның сол жақ өкпесі оң жақтағымен салыстырғанда кішірек келеді. Соның арқасында жүрекке орын тиеді екен.
– Адамның тырнағы мен шашы өлгеннен кейін де өседі екен.
– Хамелеонның тілі денесінен екі есеге ұзын.
– Қолтырауындар судың түбіне тереңірек бойлау үшін тас жұтып алады екен. Дельфиндер бір көзін ашып ұйықтайды.
– Ең ұзақ ақылы еңбек демалысы – Финляндияда. Еңбеккерлер 9 апта бойы демалады. Одан кейін немістер (8 апта), австриялықтар, испандар, португалдардың еңбек демалысы – 36 күн.
– Швецияда  ит асыраушылар өз серігінің бойының ұзын-қысқалығына қарай салық төлейді.
– Науру – ресми астанасы жоқ әлемдегі жалғыз мемлекет.
– Ресей мемлекетінің ең бірінші астанасы – Ладога.
– Әлемдегі ең қысқа тіл – жапон тілі.  Олардың ең ұзын сөз 12 ғана әріптен тұрады.
– Құрсақтағы шарана 6-7 айлығына дейін тек мұрнымен демалады.
– Швецияда 12 жасқа дейінгі балаларға арналған жарнамаға тыйым салыныпты. Бұл жаста балалар бәріне аса қызыққыш келеді. Содан барып психикасы бұзылады деп қауіптенеді.
– Жапонияда балаларға қатысты "жаман", "бұзық",  деген  сөздерді  айтуға  тыйым салынған.
– Кореяда баланың жасына анасының құрсағында болған 9 айы да жазылады екен. Құжаттар бойынша олар әлемдегі өзінің құрдастарынан бір жас үлкен болады.
– Балалар қорғау мерекесі Сейшел аралдарында бір ай бойы болады екен.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓