Танымдық шара

Жақында «Қостанайдың жас көшбасшылары» қоғамдық бірлестігі Қостанай қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімімен білесіп түрлі іс-шараларды ұйымдастырып өткізуге мұрындық болуда. Жақында «Қостанай қаласының құрамдас бөліктерінің қазіргі және тарихи атаулары» қалалық ономастикалық сайысын  өткізді. Бұл шараға 4 командадан өтінім келіп түсті. «Ұлы дала атаулары», «Атаулар – сыр шертеді», «Ел тарихында елеулі із қалдырғандар» тақырыбында тапсырмалар беріліп, түрлі викториналық сұрақтар жауап берді. Қалалық ономастикалық байқауда жан-жақтылығымен көзге түскен Қостанай қалалық ішкі саясат бөлімінің қызметкерлерінен құралған «Сұңқар» командасы жүлделі 1 орынды жеңіп алды. Екінші орынды №17 орта мектептің мұғалімдерінен құралған «Ыбырай ізбасарлары» командасы иеленсе, үшінші орынды – №2 лицей мұғалімдерінен құралған «Мұрагерлер» командасы алды.
Үздік командалар дипломдармен, ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Мұнан кейін «Қостанайдың жас көшбасшылары» қоғамдық бірлесітігімен Қостанай қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімімен бірлесіп, Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Не? Қайда? Қашан?» атты қалалық интелетуалды сайыс өткізді. Білім жарысына Қостанай қаласындағы №15, №27 орта мектептің мұғалімдері қатысты. Командалық ойында бірінші орынды №15 орта мектебінің «Алаш» командасы ұтқырлығымен жеңіп алса, екінші орынды №27 орта мектебінің «Номад» командасы иеленді.
Қатысушылар арнайы диплом және естелік сыйлықтармен марапатталды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓