Тобыл төріндегі айтыс аламаны
Қостанайда айтыс көп бола бермейді. Бұл жолғы халықаралық айтыстың өзіндік өрісі мен бағындырған биігіне тоқталмас бұрын, көптен бері айтысқа шөліркеп, ұлық өнерді аңсай күткен қостанайлық қауым үшін өңірдегі қазақ тілі мен мәдениетінің үңірейген саңылауына тығын, жалбыраған жыртығына жамау болғанын айту керек. Сөз-көкпардан сыбаға дәм еткен салымшы-дүлдүлдердің дүбірі қоғамдағы кертартпа, керең қылықтарды көрсетті. Айтыс «Мирас» Мәдениет сарайында өтті.
«Мәңгілік ел – Мұратым» тақырыбын арқау еткен айтыс аламаны Қазақ Хандығының 550 жылдығына арналды.
Айтысқа қырғыз елінің мақтаулы ақындары – Азамат Болғанбаев пен Мақсат Құлиев, талай додалардың шаңын шығарған семейлік Рүстем Қайыртайұлы, қарағандылық дарабоз Дидар Қамиев, Сыр елінен келген сөз сүлейі – Ержеңіс Әбдиев келді. Ал Қостанай облысынан Алаш айтысының ақтаңгері Айбек Қалиев, Мамай Ізтілеуов, Салтанат Өтелбаева сынды ақындар шықты. Бұл сынға Айбек Қалиевтің екі бірдей шәкірті Тоба Өтепбаев пен Батырлан Сағынтаев қатысты.

Ақындарға Қазақстанның халық ақыны – Әсия Беркенова, танымал ақын Серікбай Оспанов, өнер жанашыры Ғайнижамал Бердалинова және де жазбаның жүйрігі Абылай Мауданов қазылық етті. Жыр жарысын жүйрік ақын Қалқаман Сарин жүргізіп отырды.
Қасқырбай Қойшыманов,
Суреттерді түсірген Айбек Жүзбай