Героинмен ұсталды
Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-алдын алу шарасының барысында 36 жастағы затоболдық азаматты ұстады. Оның қолында героин орамасы бар екен. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 3,88 грамды құрады.
Күдікті бұл героинді өткізу үшін сатып алғанын айтты. Ол бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған екен.Қазіргі уақытта осы факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 259-2 бабы(есірткі заттарын өткізу мақсатымен аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау) бойынша алдын ала тергеу жүргізілуде. Есірткінің жеткізілу жолы анықталуда.