Екі адам опат болды

Облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлағанындай,  облыс аумағында 18 қыркүйек күні бір төтенше жағдай тіркелді.
18 қыркүйек күні 22 сағат 30 минутта Меңдіқара ауданының Алешин селосында 2 адамның иісті газға уланып, мерт болғаны туралы хабар түсті. Оқиға болған үйге келген көршісі іштен жабылған есікті ешкім ашпағасын учаскелік инспекторға хабарлады. Олар есікті бұзып ішке енгенде керуетте үй иелерінің жансыз жатқанын көрді.Зорлап өлтіру белгісі жоқ. Алдын ала болжамға қарағанда 1937және 1939 жылғы зейнеткерлер  пештің иісті газына уланып жантәсілім еткен.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓