“Борышкер” акциясы басталды

Әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алудың тиімділігін арттыру мақсатында 2019 жылдың 21 қазаны мен 25 қазаны аралығында облыс аумағында "Борышкер" жедел алдын алу іс-шарасы өтеді. Бұл туралы Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі хабарлайды.Мент
Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері атқарушылық іс жүргізу органдарымен бірлесіп осы іс-шараны өткізу кезінде әкімшілік айыппұл бойынша қарызы бар құқық бұзушыларды тұрғылықты жері бойынша пәтерлік және аулалық аралау ұйымдастырылады.
Полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 894-бабына сәйкес қаулыны белгіленген мерзімде орындамай, сот орындаушыларының өндірісіне және құқық бұзушылардың жұмыс орнына мәжбүрлеп орындауға жіберілетінін еске салады.
ҚР ӘҚБтК-нің 810-бабына сәйкес азамат әкімшілік хаттама жасалған сәттен бастап 7 тәулік ішінде қысқартылған іс жүргізу тәртібімен айыппұл сомасының 50% – ын төлеуге құқылы. Аталған мерзім өткеннен кейін айыппұл толық көлемде төленеді. Облыс тұрғындары айыппұлдарды белгіленген мерзімде төлеуі қажет.
2019 жылдың басынан бастап полиция басқармасымен Қостанай қаласының аумағында 38228 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 300 миллион теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұл салынды, мемлекет кірісіне 189 млн.128 теңге өндіріп алынды.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓