Айыпты өз-өзіне қол жұмсады

Қостанай қаласының Дзержинский көшесінде КамАЗ көлігінің жүргізушісі 1937 жылғы егде жастағы әйелді қағып кетті. Кейуана оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғаны туралы әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы Юрий Панасенко түсініктеме берді.

дтп

Алдын ала ақпарат бойынша, жүргізуші жылдамдықты асырмаған. Соған қарамастан, тежегішті басып үлгермеген.
Бейресми дереккөздерден бұл оқиғаға кінәлі азамат, үш баланың әкесі болған КамАЗ жүргізушісі асылып өлгені туралы ақпарат келіп түсті. ІІД-нің баспасөз қызметі де бұл ақпаратты растап отыр.

Кенже ҚОНЫСБАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓