Операция ойдағыдай өтті
Облыстың ішкі істер департаменті есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері "Канал-Долина" жедел-алдын алу шарасының барысында 10 есірткі қылмысының жолын кесті. Бір аптаның ішінде полицейлер заңсыз айналымнан 2 келідей есірткі затын тәркіледі, оның 118 грамы героин, 816 грамы марихуана, 16 грамы гашиш.
Мақсатты шара өткен күндері 1 есірткі контрабандасы, 2 есірткі затын өткізу және есірткі заттарын сақтау ережелерін бұзудың 1 фактісі тіркелді. 9 қылмыстық іс қозғалды.