Мемлекет көмегіне жүгінді
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында биыл өңірде 25 мыңнан астам адам көмек алды. Олардың бір бөлігі тегін оқыту курстарынан өтіп, жаңа мамандық алып, өз ісін ашу үшін қайтарымсыз гранттар ұтып алды. Жалпы, биыл облыста «Еңбек» бағдарламасын іске асыруға биыл 8,5 млрд теңге бөлінді, оның 82% -і игерілді. Ресми деректер бойынша, жыл басынан бері бағдарламаға қатысуға 25 мыңға жуық адам өтініш білдірген, олардың 18 мыңы — жұмыссыздар, қалғандары — өзін-өзі жұмыспен қамтығандар. Өтініш білдіргендердің барлығы жаңа мамандық, өтеусіз гранттар мен жұмысқа орналасқан.
«Жұмыспен қамту орталықтары арқылы 18 381 адам жұмысқа орналастырылды. Оның 5311-і әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар практикасына, қоғамдық жұмыстарға тартылған», – деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гүлнар Әбенова. Айтуынша, үстіміздегі жылы облыста қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына 738 адам енгізілген. Көшіп келуші барлық азаматтармен әлеуметтік келісім-шарттар жасалып, 294 млн теңгеге субсидия төленіпті. Біздің облысқа қоныстанған 380 адам жұмысқа орналастырылды, бұл экономикалық белсенді қоныс аударушылардың 99% – і.