Дабыл қағылады
Төтенше жағдайлар департаменті оқыс оқиғаның алдын алуға арналған облыстық халыққа хабарландыру жүйесі арқылы тексеріс жүргізеді. Бұл туралы Қостанай облысы ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасы хабарлады. Әр айдың алғашқы сейсенбісі ТЖ алдын алу шаралары пысықталатын болады. Ол күні көшелерде "Назар аударыңыз!" деген дабыл қағылмақ.
7 наурыз күні жергілікті уақыт бойынша сағат 11.00-де тұрғын үй мен мекемелердің шатырындағы дабыл іске қосылады. Олар "Назар аударыңыз!" деген команданы дыбыстайды.
Осы кезде облыстың барлық тұрғындары радио және теледидарды сөндіріп, мұқият тыңдауды сұраймыз. Сондай-ақ, сабыр сақтап, ешқандай артық әрекет жасамаңыз.