Талқыда – экспорт пен инвестиция

Архимед Мұхамбетов «KazakhExport» АҚ басқарма төрағасы Руслан Ысқақовпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.2001301952223170f (1)
Кездесу барысында Қостанай облысының экспорттық әлеуеті және инвестициялық ахуалы талқыланды. Архимед Мұхамбетов атап өткендей, «KazakhExport» АҚ экономиканың басым секторларында шикізаттық емес тауарлар экспортын қолдап келеді. Сондай-ақ отандық кәсіпорындарды қаржылық сақтандыру бойынша едәуір жетістікке жеткен. «KazakhExport» АҚ басшысы облыс әкіміне акционерлік қоғамның Қостанай облысындағы жұмысы туралы айтып берді.
«2017 жылдан бастап біздің серіктестік Қостанай облысының 11 кәсіпорнына жалпы сомасы 46,5 млрд теңгеге қолдау көрсетті. Былтырғы қаңтар-қарашада сыртқы сауда айналымы 2,3 млрд долларды құрады және 2018 жылғы кезеңімен салыстырғанда 13,2% -ға өсті. Сауда құрылымында экспорт 49% құрайды, өсім 15%-ға жетті. Жалпы экспорт 1,1 млрд доллардан асты»,- деді Руслан Ысқақов.
Қостанай облысы бүгінде Ресей, Ауғанстан, Өзбекстан, Қытай және Иран елдеріне экспорт шығарады. Бұл салада өңдеу өнімдері 20%-ға жетті. Өңірдегі өңдеу өнеркәсібінің экспорты 234,9 млн долларға тең. Архимед Мұхамбетов өңдеуші өнеркәсібі экспортының ұлғайғанына тоқталды. Көліктер мен қосалқы бөлшектер 6,4 есе, макарон өнімдері 23%, сүт өнімдері 12,2% өсті. Архимед Мұхамбетов Қостанай облысы мемлекеттік қолдау тетіктерін тиімді пайдаланатынын және экспорттаушыларға көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті.
 

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓