Үй иесін өрттен құтқарды

Бейімбет Майлин ауданының Әйет ауылында полиция қызметкерлері өртке оранған үйден әйелді құтқарды.IMG-20200130-WA0019
29 қаңтарда түнгі сағат 23.30-да Бейімбет Майлин ауданы Әйет ауылының Жабағы батыр көшесіндегі жеке үйлердің бірінде өрт болды. Оқиға орнына бірінші болып аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Жанат Меңдіғалиев пен Сергей Чекин келді. Оқиға туралы өрт сөндіру бөліміне хабарланған.
– Оқиға орнына келгенімізде аулада көршілер және үй иесі жүрді. Ер адам үйде оның әпкесі қалғанын айтты, – дейді учаскелік полиция инспекторы Жанат Меңдіғалиев.
Бірақ тұрғын үйге кіру мүмкін болмады. От жалыны санаулы уақыт ішінде бүкіл үйді жалмап үлгерді. Полиция қызметкерлері өрт сөндіру бөлімі келгенге дейін аз да болса жалынды басу үшін терезеден қар лақтырған.
Бірінші кезекте өрт сөндірушілер кіретін есікті жалмап жатқан жалын сөндіріді. Сол кезде көк түтінге қарамастан полиция лейтенанты Жанат Меңдіғалиев дереу үйге кіріп, әйелді іздестіре бастайды. Соңғы бөлмеге дейін қалта шамның көмегімен келіп, кереуетте ессіз күйде жатқан адамды көреді.
– Ойлануға уақыт болмады. Түтін басқан бөлмеде әйелді көргенде бір ғана мақсат болды – оны құтқару қажет. Мен ол мақсатымды орындай алдым, – дейді Жанат Меңдіғалиев.
Жедел медициналық көмекті күтпестен, полицейлер 54 жастағы әйел мен оның 52 жастағы бауырын аудандық ауруханаға алып барды. Дәрігерлер екі адамның да уланғанын хабарлады.
Айта кету керек, Жанат Меңдіғалиев Ш.Қабылбаев атындағы  Қостанай академиясын аяқтаған соң 2019 жылдан абстап, Бейімбет Майлин ауданының полиция бөлімінде жұмысқа орналасқан. Әріптестерінің айтуынша, полиция лейтенанты қарапайымдылығымен ерекшеленеді, бірақ ол көзсіз батыл жігіт. Бұл жағдайда да сол батылдығының арқасында адам өмірін аман алып қалды. Өрттің себебі анықталуда.
 
Ақпарат көзі: Polisia.kz

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓