Қар құрсауынан құтқарылды

Бүгін түнгі 3-тер шамасында "112" кезекшілік бөліміне Рудный-Федоров тас жолы бойында автокөліктердің қалып қойғаны туралы хабарлама түскен.кар
Алай-түлей боранға қарамастан жолға шығып кеткен 3 автокөлік Андреев пен Владыкино елді мекендері аралығында батып қалған. Көліктер ішінде тоғыз адам болыпты. Әйелдер және бір бала бар. Құтқару шараларына екпінді жел, көз байлайтын бұрқасын және үскірік аяз айтарлықтай кедергі келтірген.
Межелі жерге "Трэкол" маркалы екі арнайы техника мен 6 құтқарушы жіберілген. Ең әуелі үш әйел және бала таяудағы Федоров ауылына жөнелтілді. Қар тазалауға келген КамАЗ бен жол қызметі мамандары батып қалған көліктерге оңайлықпен жол ашып бере алмаған. Құтқарушылар арнайы техникаға күрекпен жәрдемдесті. Тек таң алдында ғана операция аяқталыпты. Оларды да Федоров ауылына дейін шығарып салды.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓